29 маусымда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар 39 пайызға көбейгенін хабарлады. Науқастардың 44 пайызы Нұр-Сұлтан мен Алматыда тіркелген.
“Соңғы аптада коронавирусқа шалдыққандардың 39 пайызға көбейгені байқалады. 29 маусым күнгі ақпарат бойынша, инфекциялық орындардың – 27 пайызы, реанимациядағы орындардың 24 пайызы бос емес” деді министр.
Цойдың айтуынша, Нұр-Сұлтанда инфекциялық стационардағы орындардың – 65 пайызы, реанимациядағы орындардың 74 пайызы бос емес. Алматыда бұл көрсеткіш 32-31 пайызды құрап отыр.
Қазіргі уақытта екі қалада қосымша шектеулер күшіне енген. Сауда орталықтары жәй күндері сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді, сенбі жексенбі жұмыс істеуіне тыйым салынған. Қоғамдық тамақтану орындары да демалыс күндері істей алмайды. Жұмыс күндері 20.00-ге дейін ашық болады.
Денсаулық сақтау министрі сейсенбі күні вакциналау науқаны коронавирус жұқтырғандар санын екі есеге азайтуға мүмкіндік берді деп мәлімдеді.