Қазақстанда карантин күшейтіледі

0
203

12 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті. Комиссия  елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты “қызыл аймақтағы” өңірлерде карантиндік шектеулерді күшейту бойынша шешім қабылдады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы

Жиын қорытындысына сәйкес төмендегі шектеу шаралары енгізіледі:

• Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қалаларалық, облысішілік, қалалық тұрақты және тұрақты емес (туристік) автобус және шағын автобус тасымалдары, жабық жағажайлар мен аквапарктердің қызметі тоқтатылады.

Демалыс және мереке күндері төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынады:

  •  қоғамдық көліктің,
  • “Ashyq” жобасына қатысушыларын қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің;
  • “Ashyq” жобасына қатысатындарын қоспағанда, фитнес орталықтардың, фитнес клубтардың, йога орталықтарының, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің;
  • “Ashyq” жобасына қатысатындарын қоспағанда, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының, филармониялардың, компьютерлік клубтардың, боулингтердің, бильярдтардың, караокелердің, көрмелердің;
  • “Ashyq” жобасына қатысушыларды, ашық базарларды, жәрмеңкелерді қоспағанда, ауданы 2000 м2 дейінгі азық-түлік емес тауарларды өткізу объектілерінің;
  • “Ashyq” жобасына қатысатындарын қоспағанда, спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары);
  • білім беру орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған үйірмелердің, балаларды дамыту орталықтарының; «Ashyq»  жобасына қатысатындарын қоспағанда, фудкорттардың жұмысына тыйым салынады.

Жұмыс күндері мына нысандардың жұмысы шектеледі:

  • сағат 20.00-ге дейін “Ashyq” жобасына қатысатын фитнес-орталықтардың, фитнес-клубтардың, йога-орталықтардың, спорттық-сауықтыру объектілерінің, сауналардың, СПА-орталықтардың, спорт объектілерінің, бассейндердің;
  • сағат 18.00-ге дейін “Ashyq” жобасына қатысуына қарамастан, ОСО, сауда үйлерінің, сауда желілерінің;
  • “Ashyq” жүйесіне қатысатын қоғамдық тамақтану нысандарының, фудкорттардың жұмысы – сағат 20.00-ге дейін, “Ashyq” жүйесіне қатыспайтындардың жұмысы – сағат 18.00-ге дейін жұмысы шектеледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз