21 шілде Қазақстанда телеарна және радио қызметі уақытша тоқтайды

0
578
Photo: mamul.am

21 шілде күні Қазақстанның барлық аумағында телерадио хабар тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

“2021 жылдың 21 шілдесінде сағат 03.00-17.00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл уақытта Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады”, – делінген министрлік хабарламасында.

Атап өтейік, “Қазтелерадио” АҚ тоқсан сайын жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Бұл телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді. Сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз