Әбсаттар қажы Дербісәлі өмірден озды

0
363
Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Белгілі дінтанушы, шығыстанушы, исламтанушы ғалым, Әбсаттар қажы Дербісәлі қайтыс болды. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парағында хабарлап, марқұмның отбасы мен жақын-туғандарына көңіл айтты.

“Бұл бүкіл қазақ руханиятына ортақ ауыр қайғы. Әбсаттар Бағысбайұлы бүкіл саналы ғұмырын имандылыққа арнап, асыл дініміздің тура жолын халыққа дұрыс жеткізу ісіне өлшеусіз еңбек сіңірді. Еліміздің Бас мүфтиі лауазымында жүрген уақытта қажы ағамызбен қызмет барысында жолығысып тұрдық. Қай кезде де өзінің кең мінезімен, терең білімімен, парасатты болмысымен руханият биігінен көрініп, еліміздегі ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың өркен жаюына өлшеусіз үлес қосқан жан еді”, – деп жазды министр.

ҚМДБ баспасөз хатшысы соңғы бірнеше күнде Әбсаттар қажы Дербісәлінің жансақтау бөлімінде ауыр халде жатқанын хабарлаған.

“Ол бүгін түнгі сағат екі шамасында қайтыс болды. Пневмониясы бар еді, бірақ ол кардиология бөлімінде жүрек ауруынан қайтыс болды”, – деді Дербісәлінің жеке жүргізушісі.

Әбсаттар қажы Дербісәлі 1947 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген.

Ол 2000 жылдың 24 маусымында елдің бас мүфтиі болып тағайындалды. Орталық Азия мүфтилер кеңесінің төрағасы болған, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын басқарған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз