“Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен” байқауының жеңімпаздары анықталды

0
115

Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігі және бас редакторлар клубы еліміздің тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен»  VI халықаралық байқауының бес жеңімпазын анықтады.

Ұйымдастырушы комитеттің қарауына өз материалдарын соңғы он екі айда жариялаған 36 мемлекеттегі автордан 60 ұсыныс келіп түсті. Байқауға қатысушылардың жұмыстары экономика, саясат, халықаралық қатынастар, мәдениет, туризм, денсаулық сақтау, спорт, қарусыздану, жаңғырмалы энергия, Абай Құнанбайұлы және әл-Фараби мұралары сияқты Қазақстанға қатысты кең ауқымды тақырыптарға арналды.

  • ТМД және Балтық елдерінен үміткерлердің арасындағы үздік материал ретінде журналист Николай Жуковтың (Литва) «Kauno Diena» газетінде жарияланған «Қазақстан бір жыл ішінде биліктің эволюциялық сабақтастығының өзіндік үлгісін көрсетті» атты мақаласы таңдалды.

  • Цолмон Бат-Эрдэнэнің (Монғолия) «MNB Mongolian National Broadcaster» телеарнасында жарық көрген «37 шақырымдағы 37 жылдық жоспары бар көрші» атты бейнематериалы мен мақаласы Азия және Тынық мұхит аймағының елдерінен келіп түскен өтінімдердің ішінде үздік деп танылды.

  • Пәкістандық автор Мехмуд Уль Хассан Ханның «Islamabad Post» және «DNA News» басылымдарында жарық көрген Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың өзекті мәселелеріне және Абай Құнанбайұлының рухани мұрасына арналған мақалалары Таяу Шығыс және Африка өңірінен келіп түскен үздік материал болып танылды.

  • Оңтүстік және Солтүстік Америкадан келіп түскен ұсыныстар арасынан үздік  материал ретінде «Канаданың біріккен қауымдастықтары» ҮЕҰ мен тележурналист Инга Керней-Келнер бірлесе дайындаған «Қазақстан канадалықтар көзімен» атты бейнематериал іріктелді.

Бұған дейін аталып өткендей, байқау жеңімпаздары Қазақстанға сапармен келу мүмкіндігіне ие болады. Сапар аясында олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Түркістан қалаларына, «Бурабай» демалыс аймағына барып, еліміздің табиғи және мәдени нысандарын аралап, белгілі журналистер, дипломаттар және қоғам қайраткерлерімен кездесе алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз