Қазақстан қазан айында Сауд Арабиясына әуе рейстерін ашады

0
98

Қазан айының үшінші онкүндігінде Қазақстаннан Сауд Арабиясына әуе рейстері қайта ашылады. “SCAT” әуе компаниясы Алматы – Джидда және Алматы – Медина бағыты бойынша аптасына бір рейстен орындайды. Бұл туралы индустрия министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 7 қыркүйектегі отырысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдады.

Сауд Арабиясына рейстердің одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссияның және Сауд Арабиясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз