Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің қолдауымен бас қаланың тұрғындары мен қонақтары үшін еліміздегі ең ірі мұз төбешігі салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Үш скаттан тұратын мұз төбешігінің жалпы ұзындығы – 30 метр, Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Ресми ашылуы 26 желтоқсан күні болды.
«Төбешіктен басқа селфи әуесқойлары үшін мұздан жасалған ерекше экспонаттар орнатылды. Олар: 3 метрлік алып кір жуу машинасы, теледидар, тоңазытқыш» – делінген «Сарыарқа» ауданы әкімдігінің хабарламасында.
Қысқы ойын-сауық түрлері көп болса да, мұз сырғанағы бұрынғысынша балалар арасында да, ересектер арасында да танымалдылыққа ие.
Сабина Сайлаубай