Нұр-Сұлтанда 8 қарашадан бастап сауда ойын-сауық орталықтарына енді жұмыс күндері де “жасыл” мәртебесі бар азаматтар ғана кіре алады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, үй карантинін бұзушылардың ең көп саны дәл осы сауда ойын-сауық орталықтарында тіркелген.
Сонымен қатар, көрші Ресейдегі және еліміздің солтүстік аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты, сондай-ақ қаладағы тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтау және COVID-19 вирусының одан әрі таралуының алдын алу үшін СОО-ға бару шарттарын өзгерту бөлігінде шектеу іс-шараларын күшейту туралы мәселе қаралуда.
Осы жылдың 8 қарашасынан бастап қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіз “жасыл” мәртебесі болған жағдайда, яғни вакцинация немесе теріс нәтижесі бар ПТР тесті болған кезде, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар үшін жұмыс күндері және демалыс күндері СОО-ға кіру қолжетімді болады.