Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметінен кетеді

0
183
Жандарбек Бекшин.

5 қаңтардан бастап Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кетеді. Ол сонымен бірге тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігі департаментінің жетекшісі қызметінен де босатылады. 

Ол 27 желтоқсаннан бастап демалысқа шығады.

“Менің келісім-шартым аяқталды. “Мемлекеттік қызмет” туралы заңға сәйкес, зейнеткерлердің жұмысын бір жылға созуға болады, маған екінші рет ұзартқандықтан енді болмайды. Қаңтар айында кетемін” деді Жандарбек Бекшин Orda.kz агенттігіне.

Алматының бас санитар дәрігері және тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігі департаменті жетекшісі қызметін уақытша Қарлығаш Әбдіжаппарова атқарады. Ол қазір аталған департамент жетекшісінің орынбасары.

Жандарбек Бекшин 2020 жылдың 18 сәуірінен бастап Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалған. Оған дейін тауар және көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары және мемлекетік бас санитар дәрігер болған.

Ол Алматы қаласында коронавирус індеті ушығып тұрған тұста қаланың бас санитар дәрігері болды. Елдегі ең ірі қала коронавирус жұқтырғандар және одан қайтыс болғандар саны жөнінен республика алда тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз