Наурыз айының ортасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
“Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады”, – деп жазды Уәли Facebook-те.
Айта кетейік, президент 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.