Президент наурыздың ортасында халыққа үндеу жолдайды

0
640
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Facebook/BerikUali

Наурыз айының ортасында президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

“Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады”, – деп жазды Уәли Facebook-те.

Айта кетейік, президент 11 қаңтар күні өткен мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз