11 ақпанда мемлекеттік “Хабар” агенттігінің басқарма төрағасы Ерлан Бекхожин қызметінен кетті. “Хабар” агенттігі оның “еңбек келісім-шарты мерзімінің аяқталуына байланысты” қызметінен кеткенін хабарлады.
“Хабар” агенттігі акционерлік қоғамында ол 2019 жылдан бері істеді. Қазір басқарма төрағасы міндетін атқарушы болып Ринат Кертаев тағайындалды. Ол “Хабар” агенттігі АҚ-тың басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған” деп жазылған агенттіктің жұма күнгі хабарламасында.
Ерлан Бекхожин ресми БАҚ-та ұзақ жыл қызмет атқарған. “Хабар” агенттігі басшылығына келгенге дейін ол президент телерадиокешенінің бас директоры болған. Оған дейін “Литер”, “Айқын” сияқты ресми басылымдардың басшысы болды.