11 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі утилизация алымын жинаумен айналысқан “Оператор РОП” компаниясының бұрынғы бас директоры Медет Құмарғалиевтің 20 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Оператор РОП” ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады” деп жазылған ведомство хабарламасыда.
Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, ол 2016-2021 жылдар аралығында көлік утилизациясының құнын жоғарылату арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Ол сот санкциясымен қамауға алынған.