Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты төрт автожол учаскесі жабылды. Бұл туралы “ҚазАвтоЖол” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Ақмола облысында Жезқазған-Петропавл тасжолының 377-440-шақырымында, Қостанай облысының шекарасынан Державинскке дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалыс шектелген.
Қарағанды облысында бір учаске жабық: Жезқазған-Петропавл тасжолының 142-252-шақырымы, Сарлық ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі учаске жабық.
Сонымен қатар, Қостанай облысында екі учаске әлі де жабық: Жезқазған-Петропавл тасжолының 252-340-шақырымы, Қарағанды облысының шекарасынан Арқалыққа дейінгі учаске; Жезқазған-Петропавл тасжолының 340-377-шақырымы, Арқалықтан Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаске жабылған.