Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс жариялады. Грантқа өтінімдерді қабылдау 17 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен сағат 18:30-да аяқталады.
Үкіметтік емес ұйымдарға арналған 5 гранттық тақырыптар:
1) Алматы облысында грант беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жастардың әлеуметтік осал топтары арасында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасын іске асыру.
2) Қарағанды облысында грант беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жастардың әлеуметтік осал топтары арасында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасын іске асыру.
3) Маңғыстау облысында грант беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жастардың әлеуметтік осал топтары арасында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасын іске асыру.
4) Түркістан облысында грант беру рәсімдерінің барынша ашықтығын қамтамасыз ете отырып, жастардың әлеуметтік осал топтары арасында «ZHAS PROJECT» пилоттық жобасын іске асыру.
5) Халықтың электоралды мәдениеті мен белсенділігін нығайту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыру.
Конкурсқа үкіметтік емес ұйым дерекқорында тіркелген ҮЕҰ ғана қатыса алады.
Конкурс талаптарымен мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады: https://cisc.kz/kk/21937-21937.html