Жастардың бизнес-идеясын қолдауға арналған жоба гранттарға өтінім қабылдап бастады

0
230
photo: 24.kz

«Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттарға қатысуға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Алматы, Қарағанды, Маңғыстау және Түркістан облыстарында пилоттық режимде іске асырылып жатқан жоба енді Жетісу және Ұлытау облыстарын да қамтиды.

Аталған өңірлерде жастардың бастамаларын қолдауға 250-ден астам шағын грант бөлінген. Әрбір грант аясында нақты жобаны қаржыландыруға 1 миллион теңгеге дейін қаржы қарастырылып отыр.
«Zhas Project» жобасының негізгі мақсатының бірі – жастарды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық өміріне кеңінен тарту, жұмыспен қамту, сондай-ақ, әлеуметтік осал, әсіресе ауылдық жерлерде тұратын жастардың бизнес-идеяларын қолдау.

Шағын гранттар конкурсына 18-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатыса алады. Жобада жұмыссыз ретінде тіркелген жастар; аз қамтылған отбасыларда тұратын жетімдер және мүгедектер; мүгедек бала тәрбиелеп отырған ата-аналар; көп балалы отбасылар, сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көп балалы аналарға ерекше басымдық беріледі.

“Конкурстық рәсімдер ашық болу үшін аталған аймақтарда өңірлік комиссиялар құрылады, оларға қоғам өкілдері, салалық сарапшылар, кәсіпкерлер кіреді. Жобаларды іріктеу жөніндегі өңірлік комиссиялардың барлық отырыстары әлеуметтік желілерде онлайн-режимде көрсетіледі. Әрбір жоба сараптамадан өтеді, олардың әрқайсысын іске асырудың тиімділігі бойынша мониторинг жүргізіледі. Республикалық қоғамдық мониторинг тобы құрылады”, – делінген ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта. 

Өтінімдерді қабылдау мына сайттарда жүзеге асырылады:

  • zhasproject-almobl.kz
  • zhasproject-karaganda.kz
  • zhasproject-mangystau.kz
  • zhasproject-turkestan.kz

Қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 10 тамызына дейін қабылданады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз