Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%, ай басынан бері кезеңге – 0,8%, жыл басынан бері кезеңге – 18,2% өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше жылдық мәнде олардың бағасы 17,8% қымбаттап, бұл 2021 жылғы сәйкес кезеңнен 1,1 пайызға жоғары.
Өткен аптада арзандады:
- қырыққабат – 4,8%
- сәбіз – 1,3%
- картоп – 1,2%
өткен аптада қымбаттады:
- Пияз – 1,3%
- Құмшекер – 1,4%
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (2022 жылғы 2 тамызға):
- Тауық еті – 1 149 тг/кг
- Қарақұмық жармасы – 504 тг/кг
- Күнбағыс майы – 829 тг/л
* Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді