“270,6 миллиард теңге сомасындағы негізгі кіріс барлық бағыт бойынша жолаушылар тасымалы есебінен құралған. Тағы 6,2 миллиард теңгесі жүк тасымалына тиесілі. Көлікті жалға беруден түскен кіріс 3 миллиард теңге болды”, — делінген хабарламада.
Осы жылдың қаңтар-шілде аралығында әуе көлігімен 5,8 миллион адам сапарлап, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 12,8% артық. Шілдеде 1,2 миллион адам тасымалданып, былтырғыдан 7,3% көбірек болды.
Жолаушы тасымалының басым бөлігі Алматыға тиесілі, яғни 4 миллион адам әуе көлігімен сапарға шықты.
Сонымен қатар ұшақпен 12,7 мың тонна жүк тасымалданып, бір жылғы деңгейден 36,1% аздау болды. Ал шілдеде ұшақпен 2,4 тонна жүк жеткізіліп, маусым айына қарағанда 8,8% өсті.
Өткен айдың қорытындысы бойынша жолаушыларға арналған әуе команияларының қызметтері жыл ішінде 26,6% өсті. Қызмет көрсету құнының едәуір өсуі Түркістан (56,8%), Жамбыл (46,7%), Шығыс Қазақстан (44,5%) облыстарында тіркелді. Солтүстік Қазақстан облысында қызмет құны өзгермегеген, сонымен қатар Ақмола облысында 8,7%, Қызылорда облысында 8,8%, Павлодар облысында 17,7% арзандады, — делінген ақпаратта.