31 тамызда FlyArystan компаниясына тиесілі Анталья-Ақтөбе бағытындағы КСХ 7820 рейсі қонатын кезде Аirbus A320 ұшағының шассиіне құс кіріп кетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Эйр Астана әуе компаниясы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, әуе кемесін тексеру үшін Алматыдан арнайы инженер жіберілген.
Осы оқиғаға баланысты Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі алдын ала мәліметтер бойынша 3 сағат 50 минутқа, Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігеді.
Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының ұшақтары 99 рет ұшаққа соғылды.