Қазақстанда 26 қыркүйек 8 қазан аралығында ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштері жаттығу өткізеді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
“Өзара іс-қимыл-2022”, “Іздеу-2022”, “Эшелон-2022″ деп аталатын оқу-жаттығулары Жамбыл және Алматы облыстарында болады. Осыған байланысты 22-30 қыркүйек аралығында елімізге Ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады”, – деп жазылған хабарламада.
Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, әскери контингенттердің қозғалысы кезінде коменданттық қызмет, әуе шабуылына қарсы қорғаныс және оларды жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері пысықталатын болады.