1 қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
1 қарашада зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 108 993 теңгені құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Биылғы жылдың 10 айында қазақстандықтарға 2,4 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген.
2022 жылғы қазанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 245,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 74,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,5 млрд теңге бөлінген.
1 қарашадағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 268 мың адамды құрайды.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.