Египет пен Қазақстан арасында тағы бір жолаушылар рейсі іске қосылады

0
143
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

“Air Cairo” әуекомпаниясы Астана – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша 13 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (дүйсенбі және жұма), Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыттары бойынша 14 наурыздан бастап аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Рейстер А-320 типті ұшақ арқылы орындалады.

Шарм-эль-Шейх қаласы Египеттің туристік қаласы болып саналады. Бұл жердің халқының басым бөлігі туризм саласында жұмыс атқарады. Ал, қазақстандықтардың көп бөлігі Египетте демалуға Шарм-эль-Шейхке барады.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда – экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

Анықтама:
“Air Cairo” – Каирде (Египет) орналасқан мысырлық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания рейстерді 2003 жылы бастаған. Әуе компания әлемнің 20-дан астам еліне (Армения, Дания, Австрия, Әзірбайжан, Франция, Грузия, Германия, Венгрия, Италия және т.б.) 50 маршрут бойынша халықаралық рейстерді орындайды.
Әуе компания паркінде Airbus A320, A320neo, ATR 72 және Embraer 190 типті 19 әуе кемесі бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз