Қазақы ит тұқымдарының стандарты бекітілді – Экология министрлігі

0
141
фото: gov.kz

31 наурыз күні экология және табиғи ресурстар министрлігі қазақы ит тұқымдары – тазы мен төбеттің стандарттарын бекітті. Стандарттар аталған ит тұқымдарының сипаттамасын, өлшемдерін, кемшіліктері мен ақауларын қамтиды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Заңға сәйкес, қазақы ит тұқымының стандартын әзірлеу 2023 жылғы шілдеде іске қосылатын Ұлттық орталықтың құзіретіне кіреді.

Сонымен қатар, Ұлттық орталықтың стандартты әзірлеу жөніндегі құзыретін ескере отырып, қажет болған жағдайда, қабылданған стандарт ит өсірушілер, қоғам  белсенділері, кинолог және тағы да басқа мамандардың пікірін ескере отырып пысықталатын болады.

Қазақы ит тұқымдарының стандарттарымен ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің сайтынан танысуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз