Астанада наразылыққа шыққан мұнайшылар Жаңаөзенге қайтты

0
166
фото: видеодан кадр, inform.kz

«БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлері қамаудан босатылып, пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚМГ байланыс тобы мен «БерӘлі Маңғыстау Company» өкілдері арнайы жұмыс комиссиясын құру туралы келісімге келді.

Ол комиссия «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің талаптарын заң аясында шешу үшін қарастыратын болады. Комиссия құрамына «БерӘлі Маңғыстау Company» компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің 10 адамы кіреді.

Құқық қорғау органдары ұстаған қалған мұнайшылар босатылып, Астана уақыты бойынша 8:57-де пойызбен Жаңаөзен қаласына кетті”, – деп атап өтті компаниядан.

Айта кетейік, 10 сәуірде Энергетика министрлігі ғимаратының алдына 70-ке жуық жаңаөзендік жиналған еді. Олар «БерӘлі Маңғыстау Company» тендерден ұтылғанына байланысты жұмыссыз қалып, компанияның ұтылғаны туралы нәтиженің күшін жоюды талап еткен.

Кеше кешкісін Энергетика министрлігі алдына жиналған бір топ жаңаөзендік мұнайшыларды полиция ұстап әкетті.

Кейін наразылыққа шыққан мұнайшылардың көшбасшылары мәлімдеме жасап, екі жақ келісімге келгенін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз