Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағалар 0,1%-ға, жылдық мәнде 11,2%-ға өсті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді.
Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы (18 сәуір):
- Өсімдік майы – 873 тг/л
- Рожки – 315 тг/кг
- Күріш – 404 тг/кг