Қазақстанда үш айда алаяқтық бойынша 10 мыңнан астам қылмыс тіркелген

0
59

Биыл қаңтар-наурыз айларында алаяқтық бойынша 10 мыңнан астам қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 1,8 пайызға артық, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ranking–ке сілтеме жасап.

Қылмыстардың жартысына жуығы интернет-алаяқтық болған. Жалпы өткен жылы «Алаяқтық» бабы бойынша 43,5 мың қылмыс тіркеліп, оның ішінде 20,6 мыңы интернет-алаяқтық болған.

Алаяқтардың көбісі Астана және Алматы қаласының тұрғындарын алдаған. Осы бап бойынша жасалған 5 қылмыстың екеуі осы екі қалаға тиесілі болды.

Қылмыскердің ең көп қолданатын тәсілі, адамды алдау үшін өзін қаржы ұйымының қызметкері ретінде таныстырып, телефонға фишингтік сайттар мен мобильді қосымшадағы жалған хабарламаларды пайдалана отырып жеке деректерді ұрлайды.

Зерттеуге сәйкес, зардап шеккендердің 55,8%-ы қаржылық алаяқтыққа тап болған, олардың 34,2%-ы телефон алаяқтығына, 32,7%-ы онлайн алаяқтыққа тап болған. Респонденттердің тағы 21,6%-ы қаржылық пирамидалармен, 11,5%-ы төлем карталарын пайдаланып, алаяқтықпен бетпе-бет келген.

Бұл жерде ең сорақысы, қаржылық алаяқтықтың негізгі тәуекел тобы зейнет жасындағы адамдар болуы мүмкін. 63 жастан асқан респонденттердің 50,7%-ы алаяқтықты бірден тани алмады.

Айта кетейік, нағыз банк менеджерлері немесе қаржы институтының байланыс орталығының операторлары ешқашан телефон арқылы жеке ақпаратты сұрамайды. Бұл құпия ақпарат тек алаяқтарға қажет.

Күмән туындаған жағдайда банкіңіздің байланыс орталығының ресми нөмірін өзіңіз терген дұрыс.

Ешқашан жеке деректеріңізді, банк картасының деректемелерін, әсіресе оның жарамдылық мерзімін, CVC/CVV кодын (артқы жағындағы үш сан), код сөзі мен теңгерім сомасын, растау үшін SMS/пуш-кодты жария етпеуіңіз керек. Орындалатын операция — төлем, аударым және т. б. интернет-банкингтегі немесе мобильді қосымшадағы жеке кабинетіңіздегі құпия сөзді ешқашан ешкімге айтпаңыз.

Алаяқтар өзін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қор нарығы компаниялары немесе кез келген басқа сенімді ұйым ретінде көрсете алады. Бұл оларға жеке деректерді беруге себеп емес.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз