Адам құқығы деген не?

0
7,833
Image Credit: TheVisualsYouNeed/Shutterstock.com

Адам құқығы дегеніміз – әрбір жанның пенде болып жаратылғаны үшін ие болатын құқығы. Оны адамға беретін мемлекет емес. Жалпы адам құқығы азаматтығына, жынысына, ұлттық немесе этникалық тегіне, түсіне, дініне, тіліне немесе кез келген басқа белгілеріне қарамастан әркімге берілетін құндылық.

Адамның құқығы деген түсінікке, өмір сүру құқығы секілді тамақтану, білім алу, еңбек ету, денсаулық және бостандық құқығы да кіреді.

Адамзат тарихында ресми түрде адам құқығы ұғымы алғаш рет БҰҰ Бас ассамблеясында 1948 жылы белгіленген. Мұнда адамдардың қай жерде болмасын қорғалуы керек негізгі құқықтары жарияланған. Қабылданған декларация 30 баптан тұрады. Оның ең бірінші бабы былай басталған:

«Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді», – делінген.

Декларацияның толық нұсқасын көру үшін басыңыз.

Құқық дегеніміз – адамның ажырамас бір бөлігі. Кейбір тиісті жағдай немесе заңи жағдайлардан басқа уақытта ешкімді құқығынан айыруға болмайды. Мысалы, егер сот адамды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тапса, бостандық құқығы шектелуі мүмкін.

Адам құқығы оның түріне, жынысына немесе т.б. қарап бөлінбейді және өзара байланысты болады. Бұл, құқықтардың бір санатын екіншісіз толық жүзеге асыру мүмкін емес дегенді білдіреді. Мысалы, азаматтық және саяси құқықтағы прогресс экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықты толыққанды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың бұзылуы көптеген басқа құқықтарға теріс әсер етуі мүмкін.

Қазақстанның конституциясында ең алғашқы бөлімнің бірінші бабы адам құқығымен басталған:

«Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары», – делінген ҚР Конституциясында.

Ал заңның екінші бөлімі «Адам және Адамзат» деп аталады. Бұл жерде 30 бап адам құқығына, бостандығына және оның елін қорғауына байланысты жазылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз