“Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Көлгінов бұл қызметті 2022 жылдың желтоқсанынан бері атқарды.
Алтай Көлгінов жуырда журналистерге мынандай жауап қатқан:
“Сіз мемлекеттік қызметшіні қоғам алдында айыптап тұрсыз. Бұл үшін жауап бересіз. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты осындай шабуылдар бар. Бұл тапсырыспен жасалған. Мен әкім ретінде адал жұмыс істедім”, – деді Көлгінов.
Ал Көлгіновтың орнына Тамара Дүйсенова тағайындалды.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.