Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Масс-медиа» туралы жаңа заңның жобасы бойынша БАҚ енді 70 пайызға қазақша болуы мүмкін екенін жеткізді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Министр бұл мәселені халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының кезектен тыс құрылтайында түсіндірді.
«Бұған дейін баспасөз тілі 50/50 қағидатымен жұмыс істегенін білесіздер. Біз оны өзгертіп, қазір 70/30 болсын деп жатырмыз. «Масс-медиа» туралы жаңа заң қабылданса, бүкіл ақпарат, жалпы еліміздің бүкіл масс-медиасының тілі 70 пайызы қазақша болады», – деді министр Дархан.