ІІМ электр самокатпен заң бұзғандарды жазалау қашан басталатынын мәлімдеді

0
51
фото: Pixabay

Маусым айының соңында президент электр самокат туралы заңға қол қойған еді. Енді ішкі істер министрлігі заңды бұзған самокат жүргізушілерін 30 тамыздан бастап жазалауды бастайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап.

Енді электро самокат арқылы заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің “жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау” бабы немесе “жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу” бабы бойынша құқық бұзушылық құрамына қарай жауапкершілікке тартылады. Алайда, министрлік құқық бұзушыларды қалай анықтайтынын нақты түсіндірмеді.

Бұдан бөлек ІІМ заң бұзущылық әрбір нақты факт бойынша жеке анықталатынын атап өтті.

Қабылданған заң бойынша «шағын электр көлігі құралы», «электр самокат» ұғымдары енгізіледі. Онда аталған көлік түрлерінің техникалық сипаттамалары көрсетіледі және пайдалану тәртібі құқықтық тұрғыдан регламенттеледі.

Заң бойынша электр самокаттардың жолда жүру ережесі төмендегідей:

– Электрлі самокаттар көлік құралы деп танылды;

– Олардың қозғалыс жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауы керек (қалғандары мопедтерге тең)

– Электрлі самокаттар велосипед жолдары мен жол жиектерінде шектеусіз қозғала алады. Тротуарлар бойынша қозғалысқа сағатына 6 шақырымнан аспайтын жылдамдықпен ғана рұқсат етіледі.

– Автобус жолағын қоса алғанда, автокөлік жолының жүріс бөлігінің оң жақ шеткі жолағымен жүруге жол беріледі. Бірақ бұл үшін жүргізуші 18 жастан асқан, түймелі дулыға мен шағылыстыратын киімде (тәуліктің қараңғы уақытында) болуы керек және кез-келген санаттағы жүргізуші куәлігіне ие болуы керек.

– Электрлі самокаттармен жүктер және жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз