Қазақстанда ең көп жетімдер тұратын өңір белгілі болды

0
184
Көрнекі сурет.

«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының» ұлттық жинағының биылғы статистикасы бойынша, Абай облысы жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны бойынша алғашқы орында тұр.

Жалпы Қазақстан бойынша жетімдер үшін 115 ұйым қарастырылған. Жетімдер саны көп болғанына қарамастан Абай облысында 5 ұйым бар. Ал, ең көп ұйым орналасқан аймақ – Қостанай облысы (12 ұйым).

Қазақстан бойынша қазіргі таңда жетім мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 7 мыңға жуықтаған (Статистика бойынша – 6543 адам). Оның ішінде жасы 18-ге толмаған 5857 бала болса, жасы 18-ден асқандарының саны 686 адам.

Өңірлер бойынша алғашқы үштікте Абай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облысы орналасқан. Ал, жетім балалар саны ең аз үштікте Ұлытау, Алматы және Атырау облысы тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз