Шақыру науқаны 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Жергілікті атқарушы органдардың шақыру пункттерінде 195 қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмыс істейді.
Қазіргі шақырудың ерекшелігі ашықтықтың артуында. Демек әскерге шақыру комиссияларының жұмысына сарбаздар аналары мен қоғамдық комитет өкілдері қатысады.
Биыл күзде барлығы 19 мыңнан астам адам әскерге алынады деп жоспарланған. Қарулы күштер қатарына 8 мыңның үстінде, Ұлттық ұланға – 6 мың, ҰҚК Шекара қызметіне – 3 мың, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне 300 азамат шақырылады.
Айта кетейік, жуырда шақыру учаскелеріне әскерге шақырылушыларды тіркеу туралы куәліктер беру және борышын өтемеген азаматтарға әскери билеттер беру процесі жойылады.