“Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында бөлінеді. 2024 жылдан бастап, 18 жыл жиналған қаражат сомасы шамамен 3500 АҚШ долларын құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, “Ұлттық қор – балаларға” бағдарламасы – Қазақстан Президентінің бастамасы. Заң жобасы Парламент Мәжілісінің алдағы жалпы отырысында екінші оқылымда қаралатын болады, онда Ұлттық қордан ақша балалардың шоттарына қалай түсетіні туралы егжей-тегжейлі регламенттелетін болады.
Іnbusiness.kz сайтына сұхбат берген мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиев, әрбір ата-ана онлайн-режимде өз баласының шотындағы жай-күйін қалай бақылай алатынын айтып берді.
«eGov.kz БЖЗҚ сайтында жыл сайынғы негізде кезеңділікпен бір балаға төленетін төлем сомасы туралы ақпарат көрсетіледі. Көрсетілген электрондық алаңда баланың ЖСН толтырып, биылғы жылы баланың нысаналы талаптарға қатысушылар тізімінде тұрып-тұрмағанын анықтай алады», – дейді депутат.
Естеріңізге сала кетейік, жоба бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға есепшот ашылып, әрқайсысына қаражат жинақталады. Бұл қаржы әр қазақстандық бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады. Оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Кәмелетке толған балалар, есепшотындағы ақшаны біріншіден тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе тұрғын үйді сатып алуға пайдалана алады. Алайда бұл мақсатта қаражатты тек Қазақстан аумағында пайдалана алады. Ал, екіншіден білім алу үшін пайдалана алады. Бұл жағдайда ақшаны тек қазақстандық емес, шетелдік оқу орындарында да пайдалана алады.