«Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді

0
35

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Мемлекет басшылары кеңесінің 10-шы отырысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау.

“Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Түркі әлемі жаһандық ықпалы бар елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасап отырғанын, басқа мемлекеттер біздің ұйымның ұстанымдарына баса мән беретін болды айтты. Сондықтан, түркі халықтарының ықпалдастығын арттыра түсу – бәрімізге ортақ міндет екенін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз