Қостанайдағы жарылыстан үш адам қаза тапты

0
55
Photo: Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті.

11 желтоқсанда Қостанай қаласындағы Амангелді тұрғын үй алабында сағат 12:36-да жарылыс болды. Төтенше жағдай қызметкерлері үйінді астында қалған 12 адамды құқарған. Өкінішке қарай, жарылыстан үш адам қаза тапты. Бұл туралы Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 7 адам үйінді астында қалды

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, облыстық ауруханаға төрт адам, қалалық ауруханаға 6 адам жеткізілген. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгінді, тағы бір адам ауруханаға жатудан бас тартты. Зардап шеккендердің барлығына қажетті медициналық қызмет көрсетіліп жатыр.

Алдын ала келтірілген ақпарат бойынша, 7 жеңіл және 5 ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстарына зақым келген.

Қостанай қалалық полиция басқармасы ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі, “Абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз