Бала тәрбиесіне салғырт қараған 700 ата-ана құқығынан айрылды

0
35
Photo: pixabay

Жыл сайын балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 6 мыңнан астам ата-ана әкімшілік жауапқа тартылады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа жасап.

«Полицияның дерегінше, 700-ге жуық ата-ана құқығынан айрылды. Отбасылық жағдай ішкі істер органдарының құзыретінен тыс шешілетін әлеуметтік-тұрмыстық сипаттағы проблема», – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.

Оның айтуынша, мүдделі мемлекеттік органдарға осындай отбасыларға көмек көрсету туралы тиісті хабарламалар жолданды.

«Қолайсыз отбасылардағы жағдайды сауықтыру үшін кәмелетке толмағандардың тұрмыстық мәселелерін шешу бойынша кешенді әлеуметтік көмек көрсету керек. Сондай-ақ олар медициналық-психологиялық қызметтер алуы қажет», – дейді комитет басшысы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз