27 жасқа дейін армияға бармағандарға әскери билет берілмейді

0
112
фото: baribar.kz

27 жасқа толған әскери борышын өтемеген адамға әскери билет берілмейді.

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары, Сұлтан Камалетдинов айтты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, армияға цифрлық технологияны енгізу жалғасуда. Әскерге шақырылушыны есепке алу цифрлық форматқа ауыстырылған. Бұл жергілікті әскери басқару органының жұмысын автоматтандыруға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, 17 жастағы азаматқа жеке істі жинақтау процесі толығымен автоматтандырылған.

«27 жасқа толған адамға енді әскери билет берілмейді. Әскери міндеттілік мәртебесі оның Egov жеке кабинетінде көрсетіледі. Жұмысқа орналасу кезінде әскери қызметке қатысы туралы анықтама алу қажет емес. Жұмыс беруші бұл ақпаратты Egov-тан көре алады», — деді Сұлтан Камалетдинов.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз