Ел ішінде «Нұрлан имам» атымен танымал, Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джонатан Байденнің жыл сайынғы салтанатты ас беру рәсіміне шақырту алған
Бұл туралы тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде бөлісті.
Имамның айтуынша ас үш кезеңнен тұрады. Біріншісі барлық шақырту алғандарға, екіншісі «таңдаулыларға», үшіншісі «ең жақындарға» беріледі. Нұрлан имам осының үшеуіне де қатысады.
«Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлекет басшыларына жылда ас береді. Бұл қайырымдылық ас болып табылады. Соған біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, президентіміздің жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен бірге руханиятымызды кеңінен паш ету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Бұйырса алдымыздағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекшіміз», – дейді Нұрлан имам.
Посмотреть эту публикацию в Instagram