Полиция қызметкерлерін фото мен видеоға түсіруге бола ма

0
85
news.pn

Көлік құралының иесі мен жүргізушінің құқықтары мен міндеттері “Жол жүрісі туралы” Заңның 54-бабында айқындалған: жүргізушінің құжаттарын тексеруге құқығы бар лауазымды адамнан көлік құралын тоқтату себебіне түсіндірме алуға, бұл ретте фото және бейнетүсірілім жүргізуге құқығы бар.

Бұдан бөлек, “Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы” ҚР Заңында да жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция қызметкерлерін фото және бейнежазбаға түсіруге тыйым салынбаған.

Алайда, осы Заңның 6-бабына сәйкес, ішкі істер органдарының төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқығы бар.

Дереккөз: “Право знать” Telegram арнасы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз