Анасы өгей қызының өліміне сот барысында кінәні әкесіне жапты

0
20

Алматыда жеті жасар Каринаны асқан қатыгездікпен ұрып өлтірді деп айыпталған әйел бар кінәні қыздың әкесіне артып отыр. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлады, деп жазады Kazaknews.kz

Іске қатысты кезекті сот отырысында күдікті келіншек азаматтық некедегі күйеуін жамандаумен болды. Ол, қызына үнемі қол жұмсағанын, жалпы ішкілікке құмар болған дейді. Каринаны әкесі кезекті рет оңбай сабап, ақыры жеткіншек тілге келместен көз жұмды дейді.

«Карина дәретін жіберіп қойып әкесі оны жуындыруы керек болған. Мен оған “тек ұрма” дедім. Үй жинап жүріп ваннадан бір дыбыс шықты. Барып қарасам, Карина ваннаның ішінде ісініп, қорылдап жатыр. Жуындырып бөлмеге апарып жатқыздым. Мен тек оны талып қалған екен деп ойладым. Өліп қалады деген ой болмапты», – деді айыпталушы.

Еске сала кетсек, оқиға былтыр шілдеде болды. Жеті жастағы қыз өгей шешесінен төрт ай бойы таяқ жеп, ақыр соңында миына қан құйылып көз жұмған. Қыздың өгей шешесі әрі өзін қоғам белсендісі ретінде көрсететін Балжан Тұрлыбекова қамауға алынған еді.

Қайтыс болған Каринаның әжесі мен өзге де туыстары қыздың туған әкесін де жауапқа тартуды талап еткен.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз