“Күйеуіңіз ұратын болса”: Косметика дүкені әйелдерге соққы ізін қалай жасыруға болатынын айтты

0
23
видеодан кадр

Moodmart қазақстандық косметика дүкені әлеуметтік желіде “Күйеуіңіз ұратын болса, қандай опа-далап қолдану керек?” деген видео жариялады. Аз уақыт ішінде бейнебаян 1,6 миллион қаралым жинаған.

Бейнежазбада бетін әдейілеп көгертіп алған дүкеннің негізін қалаушы Әкім Жұлдыз бет күтімі үшін “құрамында қышқылы бар заттарды қолданбауға” кеңес береді. Себебі “Біздің өмірімізде уыттылық онсыз да жеткілікті” дейді ол.

“Сіздермен болған бақытты жар, аяулы ана, жақсы келін – Жұлдыз. Мен ұсынған лайфхактарды қолданыңыз” деп аяқталады ролик.

Бейнежазба соңында Қазақстандағы тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстардың статистикасы келтіріледі.

Видео авторлары 2023 жылы елімізде кемінде 80 әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан өмірімен қош айтсықанын жазған. Шамамен 150 әйел ауыр, 200-і орта деңгейде, 4 мыңнан астамы жеңіл жарақат алған. Күніне 300-ге жуық азаматша полицейлерге тұрмыста зорлық-зомбылық көргендері жайында шағымданады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Уходовая|Декоративная косметика|Алматы (@moodmart.kz)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз