Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.
Президент, бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, әкімдіктің мегаполистегі жол-көлік жүйесін дамыту жоспарымен танысады.
Сондай-ақ сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөнінде кеңес өткізеді.
Ол, бүгін сумен қамту нысандарының құрылысымен және футбол орталығының қызметімен танысты.