Былтыр елімізде неке мен ажырасу саны азайды. Бұл туралы Ұлттық статистикалық бюро хабарлады.
2023 жылы жалпы 120 мың неке тіркелді.
2022 жылмен салыстырғанда неке саны 5,9% төмендеген.
Неке коэффициенті 1000 адамға 6,07 құрады.
Сондай-ақ осы кезеңде 16,7 мың ажырасу тіркелді (соттың некені бұзу туралы шешімін есепке алмағандағы АХАТ органдарының дерегі бойынша).
Бұл да 2022 жылғы деңгейден 5,3% аз.
Ажырасу коэффициенті 1000 адамға 0,84 құрады.
Бірінші кредит бюросының мәліметінше, 120 мың неке – кейінгі 19 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Құлдырау Ұлытаудан өзге бүкіл облыста тіркелген.
Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жаңа некенің саны 1,5 мыңға азайған.
Бұл жалпы көрсеткішке айтарлықтай әсер еткен. Бүкіл құлдыраудың 20 пайызы осы өңірге тиесілі.