2015 жылы 22 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы 11 ақпанды Ғылымдағы әйелдер күні деп жариялады. 

ЮНЕСКО дерегінше, әлемдегі зерттеу жетекшілерінің 30 пайызы ғана – әйелдер. Сонымен қатар, зерттеулерде кейінгі 20 жылда әйелдерге қарағанда ер адамдардың еңбегінен 70 пайыз көп цитата алынғаны айтылады.

Тарихта әйел болғаны үшін ғылыми жаңалықтары ескерусіз қалған ғалымдар бар. Мысалы, оқулықтардың бәрінде эмбрионның жынысын анықтаудағы хромосоманың рөлі туралы ғылыми жаңалықты америкалық биолог-генетик Томас Хант Морган ашты деп жазылып келеді. Бірақ бұл зерттеуді алғаш Морганның отандасы Нетти Стивенс жүргізіп, құрттарға эксперимент жасаған.

Америкалық астроном әйел  Сесилия Хелена Пейннің күн негізінен сутегіден тұрады деген жаңалығы көп жағдайда оның ғылыми жетекшісі – ер адамға телінеді. Розалинд Франклин ДНҚ-ның X және Y хромосомаларынан тұратынын, спираль сияқты екені анықталған. Бірақ бұл жаңалық үшін оның әріптесстері Уотсон мен Крик Нобель сыйлығын алған.

Ал Қазақстанда 22 456 ғалым болса, оның 9 691-і әйелдер қауымы.

Тарихымызға зер салар болсақ, қаншама ғалым әйел-аналар ел тарихына, ұлт мүддесіне қызмет еткенін аңғару қиын емес. Бір ғана мысал, Қазақтың тұңғыш әйел дәрігері – Аққағаз Досжанова. Ол 1893 жылы Торғай облысы Ақтөбе уезі Бөрті болысында туған. А.Досжанова оқуын бiтiрген соң медицина мамандығы бойынша гинекология және педиатрия саласында қызмет еткен.

Сонымен қатар халқымыздан шыққан тұңғыш геолог әйел-ғалым – Патшайым Тәжібаева. П.Тәжібаеваның геология ғылымының ішіндегі іргелі сала литологияның негізін қалаған қазақ қызы. Міне, біздің өткеніміз осындай тұлғалармен жарқын әрі үлгі боларлықтай.

Кешегі Аққағаз, Патшайымдай тұлғалардың ізбасары ретінде Закарья Күнсұлу Дальтонқызын атап өтпеске болмас. К.Дальтонқызы Covid-19 қарсы қазақстандық QazVac вакцинасын жасап шығарып, отандық медицинаға қомақты үлес қосқан ғалым. Оған қоса Күнсұлу ханым жақында ғана әлемнің ТОП ғалымдары қатарына енді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз