Жастардың өлім-жітімінің негізгі себептері қандай?

0
45
из открытых источников

Үкімет сағатында БҰҰ балалар қорының «Жастар мен жасөспірімдерді дамыту» бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Шәріпқызы Қадырова жастардың өлім-жітімінің негізгі себептерін атады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылы 10-34 жас аралығындағы жастардың өліміне әкелетін негізгі 3 себеп: (1) қайғылы оқиға, улану, жарақат; (2) көлік апаты; (3) суицид.

“Алайда, өмір сүруі мүмкін болған жылдарының, мүгедектікке байланысты түзетілген өмір жылдарының көрсеткіштерін ескере отырып, мерзімінен бұрынғы өлім-жітімді тереңірек бағалаған соң, жастардың жол-көлік оқиғалары мен өзіне-өзі зиян келтіруден болатын өлім-жітімі халық саны мен еңбек қабілетін жоғалтудың екі негізгі себебі екені анықталды”, – деді Айгүл Қадырова.

Басқа себептер: суға кету, туа біткен ауытқулар, лейкемия, төменгі тыныс жолдарының инфекциясы, эпилепсия, ми мен жүйке жүйесінің қатерлі ісігі, энцефалит.

10-14 жас аралығындағы балалар өлімінің негізгі себебі жол апаты болса, 15-34 жас аралығындағы жастардың өлім-жітімінің негізгі себебі – суицид.

Айгүл Шәріпқызы аталған өлім-жітім себептерінің алдын алу шаралары жайлы да айтып өтті. Оның айтуынша, көлік апатынан болатын өлім-жітімді азайту ұшін ДДҰ-ның ұсыныстарын орындау керек. ДДҰ мәліметінше, Қазақстанда 5 қауіп факторының тек біреуінің ғана алдын алады.

“Суицидтің алғашқы себебі – психикалық денсаулық мәселесі. Оны ерте анықтап, дер кезінде көмек көрсету керек”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз