Елорда әкімі орынбасарларының есептік кездесуі басталады

0
89

Астана қаласы әкімі орынбасарларының халықпен кездесуі 15-21 ақпан, 2018 жылы өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Үлестік құрылысқа қатысты және жолаушылар транспорты, құрылыс нысандарының сапасы мен ескі және апатты үйлерді сүру туралы сұрақтарға әкімнің бірінші орынбасары Сергей Хорошун жауап береді. Кездесу Бейбітшілік көшесі, № 1 мекенжайда орналасқан «Астана» концерт залында сағат 10.00-де басталады.

Инфрақұрылымның дамуына қатысты (жол құрылысы, саябақ, гүлзар, кәріз т.б.), тасқын су, экология, қала тіршілігін қамтамасыз ету және авария салдарынан сөніп қалу туралы мәселелерді әкімнің орынбасары Қосман Айтмұхаметовпен бірге талқылайды. Қалалықтар өздерінің сұрағын «Астана» концерт залында сағат 10.00-де өтетін кездесуде қоя алады.

Ал 20 ақпан күні Ермек Аманшаевпен «Астана» концерт залында болатын кездесуде білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, жастар саясаты, сонымен қатар дін мәселелері туралы өзекті сұрақтар талқыланады. Басталу уақыты – сағат 10.00.

Инвестиция тарту, инновацияны дамыту және кәсіпкерлікті қолдау туралы 20 ақпан күні сағат 15-те Тәуелсіздік даңғылындағы «Нұр Отан» ғимаратында әкімнің орынбасары Малика Бектұрованың қатысуымен есептік кездесу барысында талқыланатын болады.

Есептік кездесу 21 ақпан күні Тәуелсіздік даңғылындағы «Нұр Отан» ғимаратында аяқталады. Әкімнің орынбасары Асқар Амрин жер учаскесін ұсыну, коммуналдық тұрғын үй қорындағы пәтер және әлеуметтік көмек көрсету, мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуды өткізуі турасында айтады. Кездесу сағат 10.00 басталады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз