Еліміздің теріскейінде орналасқан Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 22-23 қыркүйекте, Шығыс Қазақстан облысында 22-24 қыркүйекте желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп күндіз қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі деп күтілуде, түнде ауа температурасы -6 градусқа дейін түсуі ықтимал, деп хабарлайды «ҚазГидромет» орталығының баспасөз қыметі.
Басқа өңірлерде де күн райы күрт өзгереді. 22-23 қыркүйекте Ақтөбе және Қостанай облыстарында түнде ауа температурасы 0-5 градус, ал күндіз 5-10 градусқа дейін төмендейді.
Астана қаласында алдағы үш күнде жауын-шашын болмайды. 21 қыркүйекте желдің ұйытқуы секундына 9-14 метрді құрап, ауа температурасы түнде +10… +12 градусты көрсетсе, күндіз +21… +23 градусқа дейін жоғарлайды.
Қыркүйектің 22 жұлдызында желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін төмендейді. Түнде +4… +6 градус, ал күндіз 9-11 градусқа дейін жылулық сезіледі.
23 қыркүйекте түнде +1 … + 3, күндіз +6 … + 8 градусқа дейін күн салқындайды.