9 тамызда Байқоңырдан Иран спутнигі ұшырылады

0
151
Байқоңыр ғарыш айлағы. Сурет: Reuters

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз-2.1б» зымыран-тасығышын спутниктер тобымен ұшыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Almaty.tv сілтеме жасап.

Спутник 9 тамызда айлақтан ұшырылмақ. Роскосмос баспасөз қызметінің мәліметінше, «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-2.1 б» зымыран тасығышы Иран Ислам Республикасының тапсырысы бойынша «Хайям» Жерді қашықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш аппаратын орбитаға шығаруы тиіс. Спутник Роскосмос құрамына кіретін кәсіпорындарда жасалған.

Сондай-ақ топқа Иранның ЖҚЗ спутнигімен бірге ғарышқа Ресейдің жетекші жоғары оқу орындары, коммерциялық компаниялар мен коммерциялық емес ұйымдар ғылыми және технологиялық зерттеулер үшін құрған 16 шағын ғарыш аппараты – ресейлік шағын спутниктер ұшырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз