Алматыға маска режимі енгізілді

0
167
Photo: Kapital.kz

Алматы қаласының әкімдігі коронавирустің күшеюіне байланысты қалада шектеу шаралары қолға алынғанын хабарлады. Шектеу бойынша тұрғындар жабық ғимараттарда, қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағуы қажет.

Қала әкімдігі енгізген шектеу шаралары ішінде коронавируспен ауырғандармен байланыста болған адамдарды, вакцина салуға қарсы көрсеткіштері бар қызметкерлер мен аяғы ауыр әйелдерді қашықтан жұмыс істеуге көшіру де бар.

Әкімдік оннан астам адам қатысатын жиынды онлайн-форматты өткізуді ұсынған.

Өткен тәулікте елде 482 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған. Оның 123-і Нұр-Сұлтан қаласында, 205-і Алматы қаласында.

Қаазірге дейін Қазақстанда ресми статистика бойынша, барлығы 1 310 370 адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталған.

Коронавирус екпіні бойынша Алматы “сары” аймаққа өткен. Өзге қалалар “жасыл” аймақта.

Қазақстанда коронавирустың қайтадан күшейе бастағаны маусым айының басында байқалған. Ол кезде наурыз айынан бері алғаш рет 100 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған және Қазақстан үкіметі маска тағу режимі қайта оралуы мүмкін екенін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз