Алматы облысында су бөгеті жарылды

0
244

21 қараша түнгі сағат 23:13 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданының Книжевского су қоймасындағы бөгет жарылды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы sputnik.kz сайты хабарлады.

Аудандық ТЖ бөлімінің мәліметінше, Мыңбаев ауылындағы бөгетте су деңгейі төмендеген. Бөгет жарылуынан тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ.

“Су жарылған бөгеттен ағып жатыр. Оның ені 4 метр. Ағып жатқан судың көлемі 5-6 куб метр. Сонымен қатар облыстық маңызы бар жол арқылы да су ағып жатыр. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Су деңгейі төмендеді”, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбек Жанаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз